Тлепбергенов Серик Аккулович » Абай атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)70-2-11-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тлепбергенов Серик Аккулович
16
январь
2024

Тлепбергенов Серик Аккулович

Тлепбергенов Серик Аккулович1961 жылы 19 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша аяқтаған.

Тлепбергенов Серик Аккулович еңбек өтілін 1990 жылы Жамбыл ауданы, Беріктас орта мектебінде  математика пәні мұғалімі болып бастады. Қазіргі таңда   ауданымыздың «Абай атындағы гимназия мектебі» КММ мектеп директоры болып жұмыс жасайды. Жалпы осы саладағы жұмыс өтілі 32 жыл болса, мектеп басшылығы саласында 22 жыл еңбек етуде. Білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 1993 жылы аяқтады. Жоғары санатты, педагог-зерттеуші. Өзінің басшылық жасап отырған мектеп мұғалімдеріне бағыт-бағдар берудегі еңбегі зор. 

 Серик Аккулович осы жылдар аралығында көптеген шәкірттерді тәрбиеледі. жыл сайын курстарға қатысып, өз білімін жетілдіруде.  

         Сертификат 2015 жыл. «International scientific conference».    Сертификат 2016 жыл. «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының курсын аяқтады. Сертификат 2018 жыл. «Білім сапасын жетілдірудегі білім беру ұйымдары қызметін ұйымдастыру мектепішілік бақылау-басшылық», Сертификат 2018 жыл. «Сапа менеджменті», Сертификат 2019 жыл. «Математика пәні бойынша орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде». 2019, 2020,2021  жылдары Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналда   қысқа мерзімді жоспарлары жарық көруде. 

2011 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен,  2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы Алматы облысы Білім басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2016 жылы «Сындарлы оқытудың педагогикалық технологияларын қолдану» тақырыбында көшбасшылығы үшін грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018 жылы «Білген Ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы» Құрмет грамотасы, 2018 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

         2019 жылы Қуанбек Аягөз, Әріп Ақжан «Кенгуру-математика для всех» атты Халықаралық интеллектуалды олимпиадасынан 1 орынға ие болды. 2019 жылы Шүкей Ерасыл «Ақбота» интеллектуалдық марафонында 2 орынға ие болды. 2020 жылы Есбай Диас «Кенгуру-математика для всех» атты Халықаралық интеллектуалды олимпиадасынан 2 орынға ие болды. 2019 жылы Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасы бойынша Ертүлек Әнуар 2 орын, Ержанов Саламат 1 орын, Рамазан Төлеуқұл 3 орынға ие болды.  2019 жылы Ауғанбай Сандуғаш математика пәні бойынша аудандық пән олимпиадасына қатысып, 3 орын алды. 2020 жылы Райханқызы Аяулым «Алтын белгі» төсбелгісіне аяқтап, Назарбаев Зияткерлік мектебіне грант бөліміне оқуға түсті. Марат Айсая «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталып, мұғалім еңбегін ақтап шықты. 

          Мектеп түлектері С.Тлепбергеновтың оқушылары математика пәні бойынша «Дарын» ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Маратұлы Арыстан МУИТ жоғары оқу орнының студенті «Шексіз математика» бағытында жұмыс жасауда.