"Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі" » Абай атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)70-2-11-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі"
25
апрель
2022

"Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі"

🖊📎13 сәуір күні  А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп базасында "Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуындағы балалар мен жастардың рөлі" тақырыбында Мектеп Парламенттерінің аудандық слеті өтті. 
 🖊📎Слетке Алматы облысы білім басқармасының "Дене тәрбиесі,спорт ,алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибе орталығының әдіскері Валиханов Дамир Қанатұлы ,  білім бөлімінің басшысы  Алтынбекова  Светлана Амантаевна, Ұзынағаш    нөмері 28237 әскери бөлім қызметкерлері, аудандық  полиция бөлімінен А. Ғазизқызы, Ұзынағаш селолық округ маманыдары ,кәсіпкерлер,мектеп директорлары және мектептердің Президенттері қатысты. Слет жұмысы үш бөлімнен тұрды.
📎🖊Екінші кезеңде  "Жас кәсіпкерлер", "Жас ғалымдар", " Мектеп баспасөз орталығы", " Балалар бастамалары", "Мектептің дамуына қатысу", "Құқықтық және тәртіп"  тақырыбында сегіз фракция алаңдары  жұмыс жасады. 📎🖊Секция жұмысында Мектеп Президенттері өз жұмыстарын қорытындылап, талдау мен ұсыныстар бойынша жұмыстарын талқылады. Үшінші бөлімде жүзеге асырылып жатқан жобалар, үздік педагог ұйымдастырушылар, мектеп Президенттері марапатталды.