Хаттама №1 » Абай атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)70-2-11-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2023

Хаттама №1

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 
                 «Абай атындағы гимназия мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ұзынағаш ауылы                                                                                              31.08.2023 ж
Педагогтерді лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссия отырысының 
№1 хаттамасы
Қатысуға тиісті: 5
Қатысқаны: 5
                                                              Күн тәртiбiнде: 
1.Педагогтерді лауазымға тағайындауға арналған конкурстык комиссия
кұрамы мен төрағасын сайлау;
2. «Абай атындағы гимназия мектебі» коммуналдык мемлекеттiк
мекемесi бойынша бос лауазымдарға конкурс өткiзу туралы; 
1.1 ТЫҢДАЛДЫ:    Абай атындағы гимназия мектебінің директоры С.А.Тлепбергенов лауазымға тағайындау конкурсының комиссия мүшелерін сайлау
1.2.1 СӨЙЛЕДІ:мектеп директоры С.А.Тлепбергенов   
    Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2012 жылгы 21
акпандағы № 57 бұйрығына өзгерiстерге байланысты "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарынын бiрiншi басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату кагидаларын бекiту туралы"; енгiзу туралы бұйрығына сәйкес конкурс ұйымдастырылуы керек екенiне токталып өтті. Осыған байланысты комиссия мүшелерiн тағайындап , комиссия төрағасын сайлады.
1.Төрағалыққа мектеп директорының ғылыми әдістемелік жұмысы  жөніндегі орынбасары Н.Е.Исакованың кандидатурасын ұсынып , комиссия мүшелері бірауыздан дауыс берді. 
Конкурстық комиссия мүшелерi:
1.Апиева Г.Н  аудандық оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері, комиссия мүшесі;
2.Темирбекова Г.Т директордын оку iсi жәніндегі орынбасары, комиссия мушесi
3.Байжигитова С.Ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комиссия мүшесі  
4.Қайынбаева С.А орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комиссия мүшесі  
Шешімі:
1. Мектептiң педагогтерiн лауазымға тағайындау тәртiбi бойынша өткізілетін
комиссия құрамы төмендегiдей бекітілсін:
-Г.Н.Апиева аудандык оқу әдістемелік кабинетiнiң әдіскері, комиссия
мүшесi;
-Г.Т.Темирбекова  - директордын оқу iсi жөніндегі орынбасары, комиссия
мүшесi;
-С.Ж.Байжигитова – комиссия мүшесі;
-С.А.Кайынбаева –комиссия мүшесі
2. Конкурстық комиссия төрағасына мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Е.Исакованың кандидатурасы бекітілсінү
3. Конкурс комиссиясының хатшысы болып, Р.Т.Молдашева бекітілсін.
ТЫҢДАЛДЫ: «Абай атындағы гимназия мектебі» коммуналдык мемлекеттiк
мекемесi бойынша бос лауазымдарға конкурс өткiзу туралы; 
1.2.2 СӨЙЛЕДІ:Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары комиссия төрағасы Н.Е.Исакова 
    «Абай атындагы гимназия мектебі» КММ  сайтына 2023-2024 оқу жылына бос және уақытша  орынға мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерiн лауазымға тағайындау туралы 11-косымшаға сәйкес 10  вакансия жарияланды. Атап айтатын болсақ, ағылшын тілі пәнінен- 3, орыс тілі мен әдебиеті- 3, көркем еңбек-1, орыс бастауыш сынып мұғалімі-1, музыка пәні-1, информатика-1
   Қазіргі таңда «Абай атындағы гимназия мектебіне» 8 кандидат   келіп түсіп, бүгінгі конкурсқа қатысқалы отыр. 
  - ағылшын тілі- 3 педагог, 
  - орыс тілі мен әдебиеті пәні- 2 педагог, 1-0
  - музыка пәніне -2 педагог, 
  - бастауыш орыс сынып  -1   педагог.
  - көркем еңбек-0
Педагогтердің құжаттары комиссия мүшелеріне ұсынылды Малайсары А.Е, Нұралы С., Жанузак Е., Дауыл Ма.Д., Каскарау Ж.С., Махмудова Г.А., Құдайберген М.Т.,лауазымы бойынша өтiнiштерi қабылданғанын айтып, педегогтерді қысқаша таныстырып өтті.
1.2.3 СӨЙЛЕУШІЛЕР:
1. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,комиссия мүшесі Кайынбаева С.А: 
Дауыл М.Д музыка пәні лауазымының үміткері , жоғары білімді, педагогикалық еңбек өтілі -9 жыл, педагог –модератор біліктілік санатын алған . Құжатын бағалауы 8 балл. Бағалауға сәйкес бірінші басшыға ұсынамын.
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Темирбекова сөз алды.
  Нұралы С жоғары білімді педагог, 2020 жылы оқуды аяқтап, жекеменшік мектепте 3 жыл ағылшын тілі мұғалімі ретінде жұмысқа атқарған.Педагог біліктілік санатын алған. Педагог лауазымына үміткердің бағалауы 7,5 балмен талапқа сай бағаланған .Нұралы С бірінші басышыға лауазымдық тағайындауға ұсынамын.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, С.Ж.Байжигитова 
Малайсары А.Е 2023 жылы жоғары білімді, педагог біліктілік санатын алған ,ағылшын тілі лауазымының үміткері, жас маман.Құжатындағы бағалауы талапқа сай,7,5 балл, дипломы мамандығына сәйкес келеді.Сол себепті лауазымға тағайындауға бірінші басшыға ұсынамын.
Каскарау Ж.С орыс тілі пәні лауазымына үміткер, жоғары білімді, педагог санатын алған. Тест тапсыруда өз пәні бойынша 16 балл, оқыту әдістемесі бойынша 10 балл алған. Құжатында  бағалауы 7 балл көрсетіп тұр. 
Жанузак Е. ҚҰҚПУ –нің күндізгі бөлімін 2023 жылы бітіріп,бакалавр дәрежесін алған.Педагог- тағылымдамашы/педагог біліктілік санатын алған. Өз пәні бойынша 22,оқыту әдістемесі бойынша 14 балл , құжаттағы бағалауы 7,5 балл болған, диплом қосымшасының нәтижесіне сәйкес 0,5 балл қосып, 8 балл деп бағалап,лауазымға тағайындауға бірінші басшыға ұсынамын. Каскарау Ж.С , Жанузак Е педагог лауазымына тағайындауға бірінші басшыға ұсынамын.
4.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Темирбекова сөз алды.
Махмудова Г.А бастауыш орыс сыныбына келіп отыр. Жоғары білімді, 2020 жылы педагог –сарапшы статусын алған.2 жыл балабақшада жұмыс істеген,2012 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарған, диплом бойынша мамандығы сәйкес келеді. Ұсыныс хатындағы бағалау парағында 10,5 балмен бағаланған . Ұсыныс хат негізінде бірінші басшыға Махмудова Г.А педагог лауазымына тағайындауға ұсынамын.
4.ББ әдіскері , комиссия мүшесі Г.Н.Апиева : 
 Ағылшын тілі пәніне 2 педагог келген екен ,Бесенбай Н.К жоғары білімді ,9 жылдық еңбек өтілін осы мектепте өткізген , педагог -сарапшы статусы бар.2019 жылы отбасы жағдайына байланысты осы мекемеден кеткен.Педагогтің құжаты талапқа сай, 12,5 балмен бағаланған. Бейсенбай Н.К педагог лауазымына тағайындауға бірінші басшыға ұсынамын.
Информатика пәнінің мұғалімі лауазымына ұсыныс хат жолдаған Құдайбергенова М.Т жоғары білімді,педагог-тағылымдамашы /педагог статусын 2023 жылы алған, 7,5 балл жинаған, еңбек жолын енді бастағалы отырған жас маман. Құдайбергенова М.Т  бірінші басшыға педагог лауазымына тағайындауға ұсынамын.
Шешімі:
 1.Бейсенбай Н,К., Нұралы С., Малайсары А.Е  ағылшын тілі пәні мұғалімі ;
2.Дауыл М .Д музыка пәнінің мұғалімі;
 3.Каскарау Ж.С., Жанузак Е. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
 4.Махмудова Г.А бастауыш орыс сынып мұғалімі болып тағайындалсын;
 5.Құдайбергенова М.Т информатика пәнінің мұғалімі;
 педагог лауазымына тағайындауға бірінші басшыға ұсынылсын.
Ал көркем еңбек пәні, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша1 вакансияға конкурс өтпеді деп танылып, қайтадан вакансия жариялауға берілсін.
Комиссия төрағасы                           Н.Е.Исакова 
Комиссия мүшелері                          Г.Н.Апиева 
                                                            Г.Т.Темирбекова 
                                                            С.Ж.Байжигитова 
                                                       С.А.Кайынбаева     
Комиссия хатшысы                          Р.Т Молдашева