25
апрель
2022
"Он күндік" Бастауыш әдістемелік бірлестігі
Бүгін 28ақпан күні 1А,1д сынып оқушыларымен Абильдаева Б. Молдахмет Алтынай сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік' атты ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды жол белгілерімен таныстырып, жол тәртібін сақтай білуге үйрету, жолда жүру ережесін білу өз өмірлері үшін қажет екенін түсіндіру мақсатында оқушылармен сұрақ жауап, топтық тапсырмалар орындалды.Көрініс көрсету арқылы бір бірлеріне жол ережелерін, бағдаршам қызметін айтып берді.Өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарға байланысты оқушылар өз ойларын еркін айтып жеткізе білді.